Жамбыл облысында есірткі сатушының жолы кесілді. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша полицейлерге алдын ала ақпар келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары кезінде Құмөзек-Шу аумағындағы Меркі-Шу-Бурыл байтал тасжолында күдікті көлік тоқтатылған. Тексеру кезінде оның жүк салғышынан 6 келіден астам гашиш табылды.
Есірткі жүргізушінің жанындағы жолаушынікі екен. Тасөткел ауылының 40 жастағы тұрғынының үйін тінту кезінде тағы 12 жарым келі кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Айта кету керек, өңірде жыл басынан бері 225 келі есірткі заттары тәркіленген.
Асхат Алметов, облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы:
— Бұрын сотты болған. Қазіргі таңда біздің ақпаратымыз бойынша Шу ауданына барып сату мақсатында алып бара жатқан болатын. Қазір алдын ала тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу бойынша біз қазіргі таңда айта алмаймыз.
Дереккөз: 24.kz