Астананың 20 жылдығына орай велошеру өтті

0 1

6 мамыр күні Таразда Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, облыс тұрғындары арасында велошеру өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Велошеру орталық «Достық» алаңынан «Әулие Ата» әуежайына дейін жүріп өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған.

Сондай-ақ, велошеруге Тараз қалалық кәсіпорындар мен мекемелер, жоғарғы және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындарынан құралған 300-ден астам адам қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.