Жамбыл облысында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 13 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

0 24

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Жамбыл облысында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 13 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, 17 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.Сонымен қатар өңірде шағын бизнеспен айналысушы жастардың да саны артып келеді,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мойынқұм ауданында жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын бизнесті дамытуға үлес қосып жатқан жастардың қарасы қалың. Бірі  стартап жобаларды жүзеге асырып жатса, енді бірі қайтарымсыз гранттарға қол жеткізуде. Солардың  қатарында  Назгүл Айдаш пен Алуа Орынбек бар.

Қос ару «Бастау Бизнес» жобасы аясында берілетін қайтарымсыз грантқа  ие болып шаштараз бен сұлулық салонын ашыпты. Бағдарлама аясында берілген 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болған 25 жастағы қыздар -оны өздеріне қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсаған.

-Бизнеспен айналысуды жас кезімнен армандайтынмын. Алғашында шаш қырқу сынды қызметтерді үйді үйге барып көрсеттім. Баламен үйде отырғанда арнайы курстарға қатыстым.  Қазір еңбегімнің жемісін көріп олтырмын. Қайтарымсыз грант алып бизнесім өркендей бастады,- дейді, -жас кәсіпкер

Ал Алуа Орынбек ашқан сұлулық салоны көпсалалы қызмет көрсетеді. Мұнда қыз келіншектер  шаш сәндеу, бояну, массаж  алуға келеді.

Мойынқұм шалғай жатқан аудан болса да шағын бизнес нысандары көбейіп келеді. Әсіресе халыққа күнделікті қажет тұрмыстық дүкендер мен сұлулық салондарын ашу үрдіске айналды. Мен де «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған курсқа қатысып білімімді жетілдірдім. Биыл грантқа қол жеткізіп кәсіпкерлікпен айналыса бастадым. Жастар жылында жастарға үлкен көмектер көрсетіліп жатыр,-дейді Алуа.

Мойынқұм ауданында  «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты  саналатын  жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бойынша несие алғандардың бірі Бекежан Мамышев. Ол  6- пайызбен 3 миллион теңгеге қол жеткізіпті. Оған енді 8 бас жылқы  сатып алған.

Бағдарламаның тиімді тұстары өте көп. Мен жылқы басын көбейтіп болашақта қымыз өндірсем деп отырмын, -дейді  Бекжан Мамышев.

Бүгінгі таңда Мойынқұм ауданы бойынша 95- адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолданған. Олар трактор жүргізушісі, шаштараз, аспазшы секілді мамандықтарды тегін оқиды. Ал, жастар жылында өңірдегі жас кәсіпкерлердің жобаларын қолдау жұмыстары жалғаса береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.