Жамбыл облысының білім мекемелерінде өтініштер онлайн қабылдануда

0 6

Жамбыл облысында балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу, мектепке 1 сыныпқа және лагерьлерге қабылдау, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау жүйесі 100% автоматтандырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі күні мектепке 1 сыныпқа 11136 электронды өтініш беріліп, 10717 бала қабылданды. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге 107 мыңнан аса балаға және мектепке дейінгі білім мекемелерінде 7558 балаға жолдама берілді.
2018 жылы аудандар мен Тараз қаласында 14 IT-сыныбы ашылса, ағымдағы жылы 37 IT-сынып ашу жоспарлануда. Облыс бойынша 446 мектептің 439-ы Wi-Fi желісімен жабдықталған. Ағымдағы жылдың соңына дейін мектептер 100% Wi-Fi желісімен қамтылады.

Бүгінде робототехника кабинеттерімен 174 мектеп жабдықталған. Бұл шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Сонымен қатар, білім саласында көрсетілетін 14 қызмет автоматтандырылса, жыл соңына дейін тағы 14 қызмет автоматтандырылады деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.