Жамбыл облысында нан бағасы 2 теңгеге көтерілді. Басты себеп солтүстіктегі жиналған бидай сапасының төмендеуі. Осының салдарынан қыркүйек айының соңында 3 сұрыпты азықтық бидай бағасы 80 теңгеге дейін қайта көтеріліп, нан өндірісінде қолданылатын 1 сұрыпты солтүстік ұнның килограммы 95 теңгеден 120 теңгеге дейін жоғарылаған, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Статистика бойынша, облыстағы нанның орташа бағасы 71 теңгеден 73 теңгеге көтерілді. Бұл Республика бойынша ең төменгі баға болып саналады.
Бүгінгі күнге нан өндірісіне сараптама, ондағы әрекеттерге монополияға қарсы департамент тарапынан тиісті талдау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорына 1 сұрыпты ұнның қорын жинақтау мәселесі және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы арзандатылған бидайды сатып алу шаралары қаралуда.