Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында жалпы республикалық «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» Жамбыл өңірінде қызу өтуде, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында бүгін облыс, қала, аудан әкімдері азаматтарды қабылдауды таңғы 10:00-ден бастап кетті.
Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың қабылдауына алдын-ала 64 адам жазылған десек, олардың дені әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеруде. Асқар Исабекұлы көтерілген мәселелерге заң аясында толыққанды жауаптар берілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеуде.
Айта кетейік, облыс бойынша осы күнгі түрлі деңгейдегі қабылдауларға барлығы 900-ге жуық тұрғын жазылған.