Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туылған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданы «Дружба» қызылша кеңшарында жұмысшы болып бастаған.
Алматы қаласы ТЭБ №54 инженер-технигі, Алматы қаласы «Хаир-Иксан» мәдени-ағарту қайырымдылық қоғамының коммерциялық директорының орынбасары, Алматы қаласы «Тигрохауд» сауда-өндірістік қауымдастығының сауда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары, Тараз қаласы әкімі жанындағы экономика және сауда басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен кейбір салық төлемдерін жинау жөніндегі агенттігінің директоры, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры қызметтерін атқарған.
Фотосурет «Тараз 24» ақпарат агенттігінен алынды.