Қайрат Досаев облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды

0 54

Қайрат Досаев облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген.

Білімі:

1987 ж. —  Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

2007 ж –  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1987-1996 жж. —  Алматыдағы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері, «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры.

 1996-1998 жж. — Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бөлім директорының орынбасары,  Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, директорының орынбасары.

1998-2001 жж. -ҚР төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі.

2001-2007 жж. —  Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысы табиғи монополияларды реттеу және қорғау және тарифтер басқармасының бастығы, төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі.

2007-2014 жж. —  «Мекен» ЖШС директоры, «2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті, департамент директоры, «Қазспортинвест»АҚ вице-президенті болды.

2014-2017 жж. — Қордай ауданының әкімі. 2017-2019 жж. —  Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.

2019 жылы 24 сәуірінен – Тараз қаласының әкімі.

2019 жылы  20 желтоқсанынан —  Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.