Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы және аудан әкімдерімен бейнеселекторлық режимде жиын өткізді

0 5

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудан әкімдерімен бейнеселекторлық байланыс форматында кеңес өткізді. Онда карантин аясындағы шараларды ұйымдастыру және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге байланысты мәселелер талқыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдік басшылары өз аумақтарындағы жағдайлар туралы баяндады. Бүгінгі таңда барлық аудандар мен Тараз қалалары бойынша блокпосттар жұмыс істеуде. Елді мекендерде ғимараттарды, көп пәтерлі үйлердің кіреберістерін, көшелерді, қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

— Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек. Қалыптасқан жағдай бізден нақты әрекеттерді, туындаған мәселелерге жедел жауап қатуды талап етіп отыр. Бүгінде азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ол үшін Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының тасымалдаушуларымен байланыс орнату, жергілікті тұрақтандыру қорының мүмкіндіктерін пайдалану қажет, — деп атап өтті облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.