Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарына барды

0 0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарына барды. Ондағы мақсат – олардың қызметімен танысып, кездесіп отырған өзекті мәселелерді шешу жолдарын саралау⠀, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығында ірі азық-түлік қоймаларының бірі — «Тараз-Холод» ЖШС 2007 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды. Онда жүздеген тонна ұн, күріш, қарақұмық, балық, құс еті, макарон, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік тауарлары сақталуда.

Кәсіпорын директоры Сәуле Жанабекова облыс әкіміне өнімдерді сақтау шарттары мен оны жүзеге асыру жолдары туралы айтып берді. Оның айтуынша, айтарлықтай мәселелер жоқ, дегенмен карантин енгізілуіне байланысты тауарларды тасымалдау бойынша бірқатар қиындықтар туындап отыр.

Б. Сапарбаев бұл мәселенің шешілгендігін тілге тиек етіп, тек облыстық жедел штабқа тиісті өтінім беру керектігін, сол бойынша компанияның автомашиналарының нөмірлері қала мен облыс аумағында қозғалуына рұқсат етілген көлік құралдарының жалпы базасына енгізілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.