Жағдай бақылауда. Облыс әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті

0 4

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа коронавирустық инфекцияға қарсы іс – қимыл жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшелері — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов, Денсаулық сақтау министрлігі аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова және ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Уәлиев қатысты.

Республикалық жұмыс тобының жетекшісі Серік Қожаниязов өңірде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысын оң бағалады.

Отырысты қорытындылай келе Бердібек Сапарбаев бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып өтті. Аймақ басшысы Таразда және ауылдық елді мекендерде карантиндік режимді қатаң сақтау қажеттігін баса айтып, блок-бекеттердегі жұмысты ширатуды және азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне назар аудару керектігін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.