Тараз қаласында қоғамдық көліктердің жұмысы толық тоқтатылады

0 4

Ертеңгі уақыттан бастап, Жамбыл облысы бойынша, оның ішінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің жұмысы толық тоқтатылады. Бұл туралы  ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары  Бекболат Орынбеков  пен Жамбыл облысының Бас санитарлық дәрігері  Ғазиз Надуев айтты , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бекболат Орынбековтың айтуынша, 14 сәуір күні Республикалық санитарлық бас дәрігерінің қаулысына сүйене отырып, Жамбыл облысы бойынша карантиндік шаралар қатаң күшейтіліп отыр.

— Бұл мәселе ең күрделі болып отыр. Жамбыл облысы 442 автобус 43 маршрутпен жұмыс істеген кезде біз 10 маршрутқа азайтып, оған 53 автобус қамтысақ та, оның ішінде ең біріншіден, жүру тәртібі сақталмады. Екінші мәселе, халықтың саны күрт көбеюіне байланысты біз осындай тиісті шешім қабылдадық.

Халықты тағы бір алаңдатып отырған Жамбыл облысындағы екінші деңгейлі банктер мен казпочталар АҚ жұмысы. Қаулыға сәйкес, екінші деңгейлі банктердің казпочта АҚ бөлімшелері толық жабылуы керек. Жаңа талдау жұмыстары жүргізіліп, біз халықтың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, ертең мемлекеттік комиссия атынан қатынас хатпен шығып, тек казпочта мекемесі арқылы келген 850 млн. теңге 20 мыңнан астам азаматтарға, оның 70 пайызы ауылдық аймақтарда тұратын болғандықтан, осы жұма, сенбі күндері жұмыс жасайтын боламыз.

Осы сәтті пайдалана отырып, әсіресе ауыл тұрғындарына ескергім келеді. Ауылды елді мекенде орналасқан казпочта мекемелері бөлімше басшыларымен келісе отырып, сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасаймыз ,-деді Бекболат Орынбеков.

Үшінші мәселе қатты мазалап отырған қаланың облыс деңгейінде жеңіл автокөліктің көбеюі. Оның ішінде екі азаматтың бірінде қолында анықтама қағазы бар. Әртүрлі облыс деңгейінде, қала деңгейінде, ауыл әкімінің анықтамалары тұр. Осының бәрін ескере отырып, Жамбыл облысы бойынша атқарылып жатқан 38 блокта  таңғы сағат 8 ден бастап, осы анықтамалардың бәрі күшін жойды.

Бұл мәселе қалай шешімін табады?  14 мыңнан астам көлік пен адам саны енгізілген сергек базасы мен планшетке енгізілген жұмыс атқарып жатыр. Оның ішінде қазір ғана басқарма басшылары мен қала аудан әкімдерімен және басқа да мемлекеттік қызметшілер келісе отырып, толық тазалау жұмысын жүргізбек.

Жамбыл облысы бойынша, оның ішінде Тараз қаласында төртінші мәселе халықтың қала ішінде жүру қозғалысы бүгінгі таңда ешқандай сын көтермейді. Осыған байланысты жергілікті полиция қызметі, әскери Ұлттық гвардиямен бірлесе отырып, бүгіннен бастап, әсіресе күндізгі уақытта қатаң шараларды қабылдайтын болады. Осындай шешімдерді облыстың орталығы Тараз қаласы аудан әкімдері әр аймақта нақты осындай шешімдер қабылдау қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.