Тараз қаласында 5664 жұмыс орны ашылады

0 2

Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады. Оның ішінде 2822 жұмыс орнына «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ бүгінде аталған бағдарлама аясында инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау, аумақтық округтерді абаттандыру және санитарлық қадағалау мақсатында 11 мобильдік топ жұмыс жүргізуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Мобильдік топтар құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енгізілген.
Аталған топтар бүгінгі күнге қала аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 374 тонна күл – қоқыс шығарылды, 1799 тал-дарақтар бұталанып, аялдамалардағы 221 дана жабайы жарнамалардан тазартылып, аялдамалар сырланып қалыпқа келтірілді, 58 км арық жүйелері тазартылды, 103 құрылыс нысандарының қоршаулары қалыпқа келтіріліп, 524 бей-берекет орналастырылған жарнамалар алып тасталынды, 109 бей-берекет сауда орындары жойылды, 65 заңсыз орналасқан дүңгіршектер алынды, 13 заңсыз, «қызыл сызық» нормаларын бұза салынған құрылыс нысандары бұзылды, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылды, қала бойынша 19525 шаршы метр жерлердегі шөптер орылды.
Мобильдік топтардың аялдамаларды қалыпқа келтіру жұмыстарынан кейін де қайта хабарландырулар, жарнамалар орналастырған 50 азамат анықталып, Заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері мобильдік топ мүшелері волонтерлармен бірлесе карантин режимін бұза отырып, жұмыс істеп тұрған 13 шаштараз анықтады. Шаштараз иелеріне ескерту беріліп, жұмыстары тоқтатылса, 1 шаштараз иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл салынды.
Жалпы Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады, оның ішінде 2822 жұмыс орнына «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмыспен қамтылатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.