Бердібек Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды

0 1
Бердібек Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews”  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы мәселелерді бірлесе шешуі тиіс. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен өткен кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баса айтты.
Облыс бойынша бүгінгі таңда 894 ҮЕҰ жұмыс істейді десек, олардың белсенділері маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Биыл 130-дан астам жобаны іс жүзінде нақты жүзеге асыруға бюджеттен бір миллиард теңге бөлінген.
Аймақ басшысының қоғамдық бірлестіктер жетекшілерімен алғашқы ресми кездесуі болғандықтан басқосуда сөз алғандардың қарасы қалың болды.
Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлдара Нұрымова бірлестіктің жұмысы туралы қысқаша баяндады. Сонымен қатар ол әйелдер альянсы биліктің өкілетті органдарындағы өз үлесін арттыруға ниетті екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, басқосу барысында, халыққа жалған ақпарат тарататын кейбір әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға қатысты заңнамалық деңгейдегі жауапкершілікті арттыру қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев азаматтық сектор көшбасшыларын жергілікті атқарушы органдармен тығыз және нәтижелі жұмыс істеуге, проблемалық мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.

Билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір – бұқаралық ақпарат құралдары ортақ істен тыс қалмауы керек, — деді ол.
Leave A Reply

Your email address will not be published.