Тараздағы мектептердегі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде

0 1
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, құрылысы жүріп жатқан білім беру нысандарының жай-күйімен танысты , – деп хабарлайды   “ZhambylNews”  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігерлер компания өкілдерімен әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев бекітілген құрылыс мерзімдерінің сақталу керектігін атап өтті. Мектеп алаңдарын абаттандыру да маңызды міндеттерінің бірі.

Ең бастысы – біз балаларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Оқушылар жаңа жабдықталған кабинеттерді көріп, марқайып қалуы тиіс. Облыста апатты жағдайдағы, үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектердің мәселесі кезең-кезеңмен шешілуде. Сонымен қатар, бұл ретте материалдық базаға ғана емес, мұғалімдердің сабақ өту тәсілі мен сапалы білім беру жайына да айрықша назао аудару керек, — деді Бердібек Сапарбаев мектеп директорларына қарата сөйлеп.
Leave A Reply

Your email address will not be published.