Жамбыл облысындағы құрылыс саласында 213 жоба іске асырылады

0 17

Биыл Жамбыл облысында құрылыс басқармасы арқылы 213 жоба іске асырылып, оның 76 пайызы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ел экономикасын артуына құрылыс саласының қосып отырған үлесі зор. Қазір құрылыс жұмыстарын бастауға қолайлы ауарайы қалыптасып, тиісті жобалар бойынша конкурстар өткізілді. Ендігі жерде мердігерлер құрлыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей бастамақ. Жалпы биыл облысымызда 213 жобаны іске асыру үшін қомақты қаржы бөлініп отыр.

Облыс әкімінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, биыл құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 137,4 миллиард теңгені құрайтын 213 жобаға бюджеттен 53,7 миллиард теңге бөлініп, іске асырылуда. Оның 115 нысаны «Нұрлы жер», 45-і «Жұмыспен қамту» бағдарламасы, 20-ы «Ауыл – ел бесігі» жобасы, қалған 33 нысан құрылысы Үкімет резервінен жүргізілуде. Бұл құрлыс нысандарының 76 пайызын биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.