Жамбыл облысында 40 мың га астам пайдаланусыз жатқан ауылшаруашылық жерлері қайтарылды

0 2

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға нақтылай тоқталып өтті.

Аймақ басшысы агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өңірдің қолайлы климаттық жағдайын тілге тиек етіп, әсіресе, егістік алқаптары мен жайылымдық жерлердің бос жатпауына айрықша назар аударылып отырғанын баса айтты.

Айталық, ағымдағы жылы өңірде егістік  алқабы өткен жылмен салыстырғанда 47 мың гектарға ұлғайып,  768,5 мың гектарға жеткен. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында түрік инвесторының қатысуымен таңқурай мен құлпынай отырғызылып, алғаш рет 868 гектар алқапқа қысқы рапс егілген.

Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 180 мың гектарды құраған.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыста арнайы әзірленген картаның нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 41 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, балық шаруашылығын жүргізуге арналған 142 су қоймасының 24-і жасанды. Форель балықтарын өсіруге арналған 17 тау учаскелері анықталған. Облыста  балық өндірісін 2025 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.