Ғалымдар көп адамның ауруды өзінің мінезінен табатынын дәлелдеген. Яғни ауру да адам мінезіне, жат әрекеттеріне, рухани дүниесінің байлығы немесе таяздығына қарай «жұғады». Бұл жаңалығын ғалымдар медицина өміріндегі үлкен жеңіс санайды. Мысалы, көп уайымдаған адамның басы ауырып, тәбеті қашатыны сияқты, әр аурудың адам мінезіне сай себептері болады. Сіз бен бізді ңбұл жайныда да біле жүргеніміз жөн.
* Білесіз бе, ертеңіне, тұрмыс-тіршілігіне, маңайындағыларға қор¬қып-үркіп, күдікпен, қауіппен қарайтын адамдарға бауыр дерті үйір келеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ызақор, ашуланшақ адамдардың да бауыры тез сыр береді.
* Керісінше, ертеңін ойламай¬тын, қайта өткенді еске алу¬ды¬ ұнататын, туған-туыс, ата-анаға көмеꬬте¬суді ойламай, өз жағдайына ғана алаңдайтын адамға құяң, белдің қақсауы мен омырт¬қа аурулары¬ бейім ке¬летін көрінеді.
* Ал енді жылауық адамдарда жү¬рек қабының қабынуы көп кездеседі дейді зерттеушілер.
* Өзіне-өзі сенімсіз әрі қызғаншақ адамдар бүйрек ауруларына жиі ұшырайды. Ал көреал¬маушылық әдеті болса бауыры зақымдануы мүмкін.
* Қызық, мақсатсыз адамның басы жиі ауырады. Сондықтан әрбір адам алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылғаны жөн дер едік. Сол сияқты басы ауыратындардың көбісі менмен, өзін өзгелерден артық са¬найтын, басқаның айт¬қанын сөз деп тыңдамайтын кісілер деседі.
* Өкпешіл адамдарда лимфа түйіндерінің қа¬бынуы жиі кездеседі екен. Ал уайымшыл, ертеңі¬не сенбей, үнемі үрей құшағында жүретіндерде ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі-жиі болып тұратын жай.
* Қатыгез адам¬дар¬дың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, бас¬қа да жерлерінде) тас пайда болады. Сол сияқты өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау сараңдықтың, дүниеқоңыздықтың белгісі дейтіндер де бар.
* Болмашыға алаңдап, біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болып жү¬ретіндерге көк бауырының зақымдануы тән екен.
* Күйгелек, тым се¬зім¬тал, күйрек адамдардың өкпесі, қалқанша безі жиі ауырады.
* Асқазан-ішек, үрпі безі (простата), жатыр ау¬руларына шалдығатын адамдар үнемі жұмыс деп шабылып жүріп өз қаже¬тіне уақыт та, ақша да таба алмайтындар қатарына жатады.
* Есіңізде болсын, үнемі өзіне-өзінің көңілі толмайтындар жү¬рек-қан тамыры ауруынан зардап шегеді. Өркөкірек, намысшыл адамдар көбінесе бүй¬рек үсті безінің сыр-қатынан зардап шегеді. Ал өтірік сөй¬лей¬тін, шындықтың бетіне тура қарай алмайтын¬дарды көз аурулары жиі мазалайды екен.
* Ызақор, ашуланшақ адамдар аллергияға бейім. Өкпелегіш, кеші¬рім¬сіз адамдарды ас¬қазан астының безі жиі мазалайды.
* Өз-өзіне сенбей¬тін¬дердің сүйегі қақсап, тістері тез түсетінін білесіз бе? Ал ешкімге сенбейтін, тіпті Құдайды да ұмытып кете беретін адамдардың буындары көп ауырады.
* Буын-буынға тұз жиналып жүр ме? Зерттеушілер аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектенгенмен одан нәтиже шығара алмағандар деп санайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан еңбектің нәтижелі болуына мән беріңіз.
* Не болса содан шо¬шынып, үрейленіп жүре¬тін¬дердің өт жолы қабынады, қант диабетіне шалдығу қаупі зор. Ал үнемі қайғырып, аһы¬лап-уһілеп жүретін¬дердің ең алдымен өкпесі дертке шалдығады.
* Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысық та қу адамдар асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйе¬сінің бұзылуы ауруына жиі шалдығады екен.
* Сараң, іші тар, өз¬ге¬лерді көре алмайтын, дүниеқоңыз адамдардың іші жиі қатады, зат алмасуы да бұзылады.
* Пайдакүнем, көзі тоймайтын қанағатсыз адамдардың ағзасында лимфа қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді.
Бұл жағымсыз мінездерден арылсаңыз, деніңіз сау, санаңыз таза болары анық. Ғылыми дәлелденген нәрсені іске асырып көріңіз.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.