Бақилық болған адам түсіңізге кірсе…

0 576

— Егер түсіңізде қайтыс болған әкеңізді, атаңызды, анаңызды не әжеңізді көрсеңіз, бұл қиындықтардан арылатыныңызды аңғартады.

— Жаныңда тірі жүрген адамдар түсіңізде бақилық болса, олардың ұзақ өмір сүретіндгінің белгісі.

— Қайтыс болған адам сізді ұрып жатқан болса, ол сіздің күнәлі іске барғаныңызды аңдатады.

— Егер қайтыс болған адам түсіңізде жаман әрекеттерге барса, ол сізді дәл осы әрекеттерден сақтандырғанын білдіреді.

— Қайтыс болған адам отбасын құрмаған болса, жақын арада үйленетініңіздің белгісі. Ал егер қайтыс болған адам отбасылы болса, жақындарыңыздан алыстауыңыз немесе ажырасуыңыз мүмкін.

— Бақилық болған адам түсіңізде игі іс жасаса, бұл сіздің де осы істі жасауыңыз керектігінің нышаны.

— Қайтыс болған адам түсіңізде тірі жүріп, жағдайы жақсы болса, бұл оның о дүниедегі жағдайының жақсылығын аңғартады.

— Егер түсіңізде қайтыс болған адаммен құшақтасып, сөйлессеңіз, ғұмырыңыз ұзарады. — Түс көруші қайтыс болған бейтаныс адамды сүйсе, күтпеген жерден бақыт пен байлыққа кенелуі ықтимал. Егер қайтыс болған танысын сүйсе, ол адамнан білім үйреніп немесе артында қалған байлығын иемденуі мүмкін.

— Түсіңізде қайтыс болған адам жақсы әрі таза зат ұсынса, ол — өміріңізде күтпеген жерден қуантарлық және қайырлы затқа ие болатыныңыздың белгісі. Ал егер ұсынған зат кір болса, алдағы күндері жаман әрекетке баруыңыз мүмкін.

— Қайтыс болған адам түсіңізде мешітте жүрсе, ол адамның жаны тыныш тапқандығын аңғартады. Себебі түсте көрген мешіт — тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.