Этносаралық саясат елдегі реформалармен үндес болуға тиіс — Тоқаев

0 15

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір дүниежүзіндегі ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Жаңа басымдықтар пайда болуда. Сырттан төнген сын-қатердің бетін қайтару аса өзекті мәселеге айналды. Мемлекеттер үшін егемендікті қорғаудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Бұл ретте, этносаясат байыппен жүргізілуі керек. Яғни татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі. Сессия аясында кеше нақты мәселелерге арналған пікірталас өткенін білемін. Этносаясатта жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс екені айтылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, бұл – өте орынды ұсыныс.

«Этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет. Бұл жұмыс ауқымды реформалармен үндес болуға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бүгінгі жиында сепаратизм қаупі туралы ой қозғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.