Сапасыз байланыс, интернет: Саясаттанушы Талғат Қалиевтің пікірі қандай

0 24

Ұялы байланыс саласында бәсекелестік талаптарына ерекше мән беру керек. Белгілі саясаттанушы, сарапшы Талғат Қалиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, ұялы байланыс операторлары тарифтерді өздеріне керек кезде көтеріп тұруы – дұрыс емес. Менің ойымша, бұл процестер бәсекелестік тетіктері арқылы реттелуі тиіс. Ол үшін біздегі сияқты монополия болмауы керек. Әр байланыс операторы нарықтық жағдайда өз өнімдерін ұсынуы қажет. Бұл тұрғыда абонентте өзіне тиімдісін таңдау мүмкіндігі болады. Яғни абоненттің көңілінен шықпаса, басқа операторға ауыса салады

, — деді Т. Қалиев.

Оның пайымынша, ірі операторлардың бір монополияда болуы бәсекелестік талаптарына мүмкіндік бермейді. Бұл тұрғыда олардың бір-бірімен келісіп, бірыңғай тарифтерді орнату ықтималдығы жоғары.

Атап айтқанда, ұялы байланыс пен интернет сапасына қатысты қоғамда біраз шағым айтылды. Астананың өзінде кейбір аудандарда байланыс сапасы нашар болып жатады. Қаланың сыртында, негізгі автожолдарда, көптеген ауылда интернет қосылмаған. Қазіргі заманауи талаптар аясында сапалы ұялы байланыстың болуы өте маңызды. Себебі бизнес, білім, денсаулық сақтау, төтенше жағдай саласындағы процестер интернетпен тығыз байланысты

, — деді сарапшы.

Қазір әлемде 5G байланыс жүйесіне ерекше мән беріп отыр. Бұл байланыс жүйесі арқылы ерекше мүмкіндіктер болады. Алайда елімізде 5G әлі де кеңінен таралмаған. Жалпы, әлеуметтік желіде байланыс операторларының қызметіне қатысты түрлі пікір мен орынды сын айтылып жатыр деп санаймын

, — деді Талғат Қалиев.

Бұдан бұрын «Beeline Қазақстанның» бас атқарушы директоры елімізде не себепті ұялы байланыс қызметі қымбаттап жатқанын түсіндіруге тырысқан еді.

Оның айтуынша, кейінгі 5 жылда елімізде әр абонент интернетті 4 есе көбірек пайдалана бастаған.

Сонымен қатар елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін екені белгілі болды.

Ұялы байланыс операторлары еліміз аумағы сапалы интернетпен қашан қамтылатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.