Қарақат Әбілдина сырт келбетін сынағандарға жауап берді

0 694

Қарақат Әбілдина адам бойындағы өзгеріс туралы ой қозғады. Әнші бұл өмірде ештеңе мәңгілік емес екенін еске салып, өзінің сырт келбетін сынағандарға жауап берді. Айтуынша, соңғы уақытта оқырмандары оның дене бітімін сөз етіп, ал жары Қыдырәлі Болмановтың қартайып баратынын жиі жазуда.

«Адамзат өзгеріске бейім болып келеміз. Күнде өзгереміз. Бір жыл бұрынғы, тіпті бір ай бұрынғы өзіңді бүгініңмен салыстырсаң өзгерген біраз дүниені байқайсың.

Себебі біз — күнде өсеміз. Ойланамыз. Таразыға саламыз, талқылаймыз. Ақ қарасын ажыратамыз. Шешімдер қабылдаймыз. Есейеміз. Өсеміз.
Өзгермейтін бір Алла!

Адам түгіл, табиғат та күн сайын түрленбей ме ?! Тіпті алып таулар да орнынан жылжып тұрады екен де, оны біз білмейміз. Шексіз теңіз, мұхиттардың суы да бір тартылып, бір толып, күнде өзгереді. “ Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес “ — дейді мұны Абай. Мәңгілік ештеңе жоқ ұғар болсақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.