Баян Мақсатқызы рейдерлікпен айналысқандардың атын атамақ

0 10

Баян Мақсатқызы рейдерлікпен айналысқандардың атын атамақ. Бұл туралы Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында жазды.

Продюсер бұған дейін Гүлмира Сатыбалды «кәсібін тартып алды» деген әйелдің видеосын жариялап, жұбайы Тұрсын Алагөзовтың да рейдерлік басып алу құрбаны болғанын жеткізді.
«Менен бұл рас па, шын мәнінде қалай болды» деп жиі сұрайды. Біз бұл сұрақтарға жауап беруге, тиісті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз. Оның барысында даулы фамилиялар аталатын болады. Бұл оқиғаға халық таң қалады деп ойламаймын. Өйткені мұндай жағдайға елімізде жүздеген кәсіпкер тап болып, белгілі адамдар қысым жасағандықтан сотқа шағымдана алмаған. Мен «Galanz Bottlers» компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының барлығының аты-жөнін атаймын. Жақын күндері тергеу органдарына бизнесті тартып алуға байланысты барлық қажетті дәлел беріледі» деді ол.

Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалды мен оның әйелінен зәбір көрген өзге де адамдар туралы біле түскенін, бизнесін жоғалтқан адамдардың атын естігенде қоғам таң қалатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.