Актер Рамазан Амантай қызды болды

0 28

Актер, ақын әрі сазгер Рамазан Амантай алғаш рет әке атанды. Оның жары Гүлфару 2 сәуір күні қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жас отбасын продюсер Нұрлан Қоянбаев құттықтады. «Бауы берік болсын», – деп жазба қалдырды ол Instagram-да.

Айта кетейік, Рамазан Амантай көпшілікке «Бизнес по-казахски» фильміндегі Еркоштың образында танылды. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, оның кейіпкеріне арнап Қоянбаев бөлек фильм түсірді.

Қазақстандағы тұңғыш I go to School спин-офф фильмі наурыз айында көрерменге жол тартқан болатын. Онда Рамазанмен бірге басты рөлді үнді актрисасы Авика Гор (Ананди) сомдаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.