Жеке өмірі жиі талқыға түсетін Қайрат Нұртас екіұшты жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Ол жұбайы Жұлдызға ұқсас қызбен түскен суретін жариялап, екіге кеткендерін меңзеді, — деп жазады «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің қызу талқысына түскен суретті Қайрат Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Қайрат теріс қарап тұрған арумен бірге түскен.
«Сақтауға шамам болмай
Өзіңді қауіп-қатерден
Бұйрық солай
Айырылдық! Бақытты сәттерден», – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының бір тобы Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанын болжаса, ендігі топ әнші мұндай қадамға елді шулатып, «хайп» жасау үшін барды деп топшылады.