«Тамақ жасасам да, ұнамадым»: Әнші Элизат енесі жайлы айтты

0 37

KeshYOU» тобының экс-солисі Элизат Берікова келін болған күндерін еске алды. Әнші жұмыспен бірге келіндік қызметті қатар атқарғанын айтады.

Әнші қанша тырысса да, енесін қуанта алмағанын айтты. Өткен жылы екі баланың анасы ажырасатынын айтып, күйеуінің опасыздығына қалай тап болғанын баяндап берген еді. Жақында Элизат бұрынғы күйеуі мен анасы оны балаларымен бірге үйден қалай қуып шыққанын жариялады.

Енді сериал көріп отырып Элизат отбасында өзі келін болған кезін еске алды. Өзінің Instagram парақшасында әнші неке кезінде болған оқиға туралы айтып берді.

«Есімде, келін кезімде бәрін істедім, менің абысыным тамақ жасауды мүлде білмейтін. Ол да жұмыс істеді. Маған үнемі тамақ жасауға тура келді, соған қарамастан енемнің көңілінен шыға алмадым», – деп шағымданды әнші.

Осыған қарамастан, әнші өмірден ләззат алып, екі ұлды жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол балалардың суретін жариялап, болашақтағы арманы туралы айтты.

«Неге оларды бірдей киіндіресің? Олар егіз емес қой» дейді маған. Білесіз бе, менің бір арманым – егіз бала туу: қыз бала болсын, ұл бала болсын. Сол арман әлі күнге дейін жүрегімде. Мен оларды егіздей киіндіремін. Маған солай ұнайды. Балалар өскен сайын нәрестені аңсайсың. Енді екінші рет тұрмысқа шықсам, егіз қыз туамын», – деді Элизат.

“Әкесі осындай тәттілерды сағынбай қалай жүр екен, жүректер ғой. Аман болсын балақайлар”, “Балалар жыламасын”, Ұлдарыңыз қандай тәтті”, “Аман болсын”, “Жақсы жар табыңыз”, “Бағыңыз ашылсын”, “Келіндік кезді сағынасыз ба?”, – деп жазды желідегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.