«Бірдеңе дедің. Ұйқым келмейді, содан соң ұйықтап кетемін!» Бұл Алина Шакиева есімді өнерпаздың «Ұйқым келмейді» атты әнінен алынған өлең жолдары. Желіні шулатқан туынды екі күнде 300 мыңнан аса қаралым жинап, трендті видеолардың көшін бастаған. Алайда жағымды пікір жазғандарға қарағанда Шакиеваны сынға алып, мазақ қылғандар басым, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тағы бір атап өтетін жайт, күлкілі әрі мағынасыз мәтінге құрылған ән отандық телеарнадан көрсетіле бастаған. Ал клипті тамашалаған көпшілік оны сынға алып, мазаққа айналдырып үлгерді.
«Атама тыңдауға бердім. Тыңдап болған соң, маған ұзақ қарады. Жымиып, арқамнан қақты да, менің атымды мұрагерліктен алып тастады», «Бұл ән компьютерлік өңдеуден өткен ғой. Ол болмаса, құлағымыз өртеніп кетер еді», «Мұндай трек жазып, одан қоймай клип түсіруге кімнің батылы барды екен? Өмірден түңілген екенсіздер, сіздерге тірі кездеріңізде ескерткіш қою керек», «Алинаның арқасында менің досым тірілді. Апаттан соң комаға түсіп қалған. Санитар осы әнді қосып, кетіп қалған. Досым магнитофонды өшіру үшін тұрып кетті», «Пікірлерді оқып, күлемін деп 7 келіге арықтап кеттім. Ұйқым қашып, осыған ұқсас мәтіндер жаза бастадым. Осы кісіге сыйлаймын», – деп жазды желі қолданушылары.