Ләйлә Сұлтанқызы: Қартайғанымда бір қыз туып алсам деп армандаймын

0 16

Ләйлә Сұлтанқызы болашақта келіндерімен бірге тұруға қатысты ойын айтты. Екі ұл тәрбиелеп отырған ол алдымен келіндерге үйдің тәртібін үйретіп, кейін бөлек шығарсам деген ниетімен бөлісті. Сондай-ақ қартайған кезде қызды болғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кеше қызық болды. Ұлдарыма ене мен келін туралы видеоны көрсеткем. Қыздар қазір енелерімен тұрғысы келмейді және ол дұрыс дегені біраз адамның қытығына тиген сияқты. Әрине, енелерді қолдағандар да көп.

Бір үйде бірдей тәрбие алып жатқан 16 жасар Сағадат «олай болмайды, мен сізбен тұрамын» деп бірден жауап берсе, Сардар «қыздың да ойы дұрыс қой» деп қалды.

Бітпейтін дау екені түсінікті, дегенмен барлығы жағдайға тікелей байланысты. Өз басым келіндерге БІЗДІҢ үйдің тірлігін, тәртібін, принциптерін үйреткен соң, еншісін берем деп ойлап қоям, бұйыртса.

Өзім қолым боста немерелеріме қарап, қыдырып жүрмеймін бе деп қоямын. Әлде қартайғанымда бір қыз туып алсам ғой деп, оны да армандап қоямын, әрине, бұйыртса ғой», – деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.