Айнұр Тұрсынбаева жаңа түскен келінін қажылыққа ертіп әкетті

0 6

Айнұр Тұрсынбаева жуырда ғана босағасын аттаған келіні мен ұлын қажылыққа ертіп әкетті. Айтыскер ақынның айтуынша, бұл жас келіннің Мекке мен Мединаға алғаш рет келуі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақын қасиетті мекенге отбасымен бірге барғанын атап өтті.

«Алла Сіздерге де Өзінің Қасиетті қаласына қадірлі қонақ болуды нәсіп етсін.

Келінім Мадинаның Мекке/Мадинаға алғаш рет келуі», — деп бөлісті Тұрсынбаева Instagram парақшасында.

Тұрсынбаева мүмкіндігінше қажылыққа жиі баруға тырысатынын айтып, өзгелерге де осындай бақытты тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.