Бекболат Тілеуханның інісі ресейлік визажиске үйленді

0 39

Бекболат Тілеуханның туған інісі Мейрам Тілеухан ресейлік визажиске үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік визажисттің әлеуметтік желідегі парақшасынан оның Қазақстанға қоныс аударғанын байқауға болады. Тілеуханның келіні 3 қазаннан бастап Instagram желісіндегі локациясынан Алматыны белгілей бастаған. Суреттерінің астындағы жазбада Мейрам Тілеуханды «күйеуім» деп көрсеткен. Тіпті олардың мешітке барып, некелерін қиған суреттері де жүр.

Сондай-ақ ол өмірінде жаңа кезең басталғанын айтып, жазба жариялаған.

“Ол мүле басқа болғанымен, маған қатты ұнайды. Соңғы кезде көптеген өзгерістер болды – өзге елге көштім, тіл үйреніп жатырмын, қайтадан көлік жүргізуді үйреніп жүрмін, үйдің құрылысы, тойға әзірлік, намаз үйрену, бірте-бірте исламға келе жатырмын», – деп жазды София Кляйн.

Бұнымен қоса Мейрам Тілеуханның бұрынғы Тоғжан Қожалы әлеуметтік желіде енді Тілеухандар әулетінің келіні емес екендігін мәлімдеді. Айтуынша, ол жақсы әйел, жақсы келін болған. Экс-жұбайынан бір қызы бар.

«Осы пост арқылы ерлі-зайыпты Тоғжан мен Мейрам енді бірге емес екенін жариялаймын. Енді мен Тілеухан әулетінің келіні емеспін. Жаңа жұпқа бақыт пен жақсылық, сондай-ақ көп балалы болуын тілеймін. Ал мен бұрынғыдан да бақытты тәуелсіз өмірдің жаңа кезеңін бастадым», –  деп жазды ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.