«Шаңыраққа келін келді». Оқырмандары Жазира Байырбекованы қуанышымен құттықтады

0 9

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасына жас келіннің бетін ашып жатқан сәтін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дастархан басында отырған жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат шаңыраққа келін түcкенін айтып, көпшіліктен құттықтау қабылдады.

Әнші желіге бейнежазба жүктегенімен ешқандай жазба қалдырмаған. Алайда, оқырмандар әншілердің жалғыз ұлы Қазыбек келін әкелді деп топшылап, жұлдызды жұпты жарыса құттықтады.

“Құтты болсын! Шын ба?”, “Жастар бақытты болсын!”, “Келіннің аяғы оң болсын!”, “Ұлыңыз үйленді ме? Құтты болсын!”, “Көптен күткен қуанышыңызбен!”, – деп ізгі тілектерін білдірді желі қолданушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.