«Жарымен аттас болғандықтан шатастырады». Жанар Дұғалова Бауыржан Байбекке қатысты қауесетке жауап берді

0 22

Әнші, актриса Жанар Дұғалова nege.kz сайтына берген сұхбатында соңғы кездері көпшілікті мазалап жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанар Дұғалова өзін “Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің көңілдесі” деген қауесетті жоққа шығарып, “Жанар Бауыржан Байбекпен көңіл жарастырып, баласын АҚШ-қа барып туып келді” деген әңгіменің мүлдем шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Неге екенін білмеймін, осы қауесет қайда барсам да алдымнан кесе көлденең шығады. Адамар әнші болса болды, міндетті түрде біреудің көңілдесі немесе тоқалы деп түйіндейді. Құдайшылығымды айтайын, Бауыржан Қадырғалиұлын өз басым өмірімде екі-ақ мәрте көрдім. Оның өзінде концерттік стадиондарда ғана. Соның бірінде менімен жақын сөйлесті, қасында жары Жанар болды. Ол кісі менің «Смирение» деген өлеңімді жақсы көреді екен, соны оқып беруімді өтінді”, – дейді әнші.

Өнер иесі көпшілік саясаткердің жарының есімі Жанар болғандықтан шатастыруы мүмкін деп топшылайды.

“Бәлкім, жары Жанармен аттас болғанымнан кейін көпшілік шатастыратын шығар. Оның қыр-сырын өзім де түсінбедім. Әйтпесе, мен ешкімнің тоқалы болған емеспін және болмаймын да. Бұл менің тектіден алған тәрбиеме жат, тіпті ойлаудың өзі ұят”, – деп ел аузында жүрген сыбысқа нүкте  қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.