Актриса Әсел Асқар өткен жылдың қазан айында дүниеден өткен ұлына арнап ән арнады. Ол YouTube желісінде “Періштем” атты әннің бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Періштем… Осы әнді періштелерін көкке жіберген барлық аналарға жіберіңіздер. Алғысым шексіз. Енді біздің жеке әнұранымыз бар. Ешкім біздің жанайқайымызды жоққа шығара алмайды”, – деп жазды актриса.
Әсел Асқар жақында танымал тұлғалардың басын қосып, осы әннің тұсаукесерін өткізген болатын. Ұлы Айбарыстың суреттерінен көрме ұйымдастырды.
Ән көптің жүрегіне жетті.
“Аналарды балаларынан айырмасын”, “Сіз өте мықты әйелсіз”, “Алла сізге сабыр берсін”, “Ананы баламен сынамасын”, “Жарайсың”, “Жасымды тоқтата алар емеспін”, “Өте әсерлі ән”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында актрисаның алты айлық Айбарыс есімді ұлы шетінеп кетті. Сәби туғаннан жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққан еді.