«Келін» дегенін естімедім». Ерке Есмахан ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

0 689

Келіндік міндетіне кірісіп кеткен Ерке Есмахан ата-енесі өзін қалай қарсы алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші оқырманның: “Келіндік өміріңіз қалай болып жатыр? Сурет салыңызшы” деген өтінішіне: “Келін” деген сөзді әлі естімедім. “Қызым, Еркежан” деп еркелетеді. Бұйырса, келіндік өмірді алдағы уақытта саламын. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар. Оралда кешке үйде теледидар қарап отырсақ, папам (қайын атам) тосынсый жасап, маған гүл әкеліп тұр. Қуанышымда шек болмады”, – деп жазды Ерке.

Жас келін көпшіліктен орамалына көрімдік сұрап үлгерді.

“Мәһірге не сұрадыңыз?” деген сауалға өнер иесі: “Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде тым болмаса біреуі болсыншы деп, аппақ тұлпар сұрадым”, – деп жауап берді.

Еркенің айтуынша, оның жасөспірім ұлы мен Райым бірнеше жылдан бері таныс.

“Бір-бірімен бірнеше жылдан бері таныс. Қазір тіпті араларында ерекше махаббат орнады. Шүкір. Мысалы, мен Мүслімді мектепке алып барып, алып келмеймін. Ол қамқорлығын төгуде. Мүслім бақытты”, – дейді әнші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.