Бүгінде ел аузында жүрген Ерке Райым екеуінің махаббатын насихаттап жүрген жандарға риза, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Екеуіміздің махаббатымызды аңдып, елге жариялап жүрген жандарға Рахмет айтқым келеді. Қандай ниетпен жасалса да, ол жоспарлары бізге тек жақсылық, бақыт алып келеді. Арқамыздан жүк түсіп, қазір рахат өмір сүріудеміз. Алланың да, халықтың да алдында емін-еркінбіз. Шүкір”, –деп жазды Ерке.
Некелесіп, отбасылы болған соң ешкімнен жасырынып жүрудің қажеті жоқ дейді ол.
“Мысалы, қазір таңғы сағат 05:00. Біз қол ұстасып әуежайға келдік. Бәрі қуанышпен қарсы алып, құттықтап, сыйлауда. Бұрын тығылып, біреу көріп қоймасын деп екеуіміз екі жақта жүретін едік. Соны қазір мәз болып сіздермен бөлісіп жатқаным ғой”, – дейді өнер иесі.