Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар мен келіні Жібектің ажырасып кеткенін мәлімдеді

0 78

Жұлдызды әулеттің отанасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының әйелімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды  “Экспресс К” сайты.

Заңғар мен Жібектің екі бөлек жүргені көпшілік арасында біраз талқыға түсті. Алайда, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты ешкім нақты мәлімдеме жасамаған болатын.

Instagram-да тікелей эфирде оқырмандарымен байланысқа шыққан Гүлзира Айдарбекова Заңғар мен Жібекке қатысты толассыз сұрақтарды елеусіз қалдыра алмады. Продюсер көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, соңғы нүктесін қойды.

“Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Дәм-тұзы жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады”, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Айдарбековтердің кенже ұлы Заңғар мен Жібек өткен жылдың наурыз айында шаңырақ көтеріп, дүркіретіп тойын өткізген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.