«Енесі өзімен жасты ма?»: Ерке Есмахан ене мен келін тақырыбын көтерді

0 135

Күні кеше сырғалым атанған әнші Ерке Есмахан енесін анасындай көретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Еркенің енесі өзімен жасты ма, енді екеуі “подружка” бола ма?” деген пікірлер оқыдым. Иә, дұрыс айтасыздар, мамам жап-жас, әп-әдемі, гүл-гүл жайнап тұр. Үш ұлдың анасы. Ал мен тұңғыш қызымын. Маған келін емес, қызым дейді, маматай. Қазақ қоғамындағы дерт қой, ене мен келін бір-бірін жақсы көре алмайды. Ене мен келін өштескеннен қанша отбасы ажырасып, балалар тірі жетім қалып жатыр. Қанша тағдыр құрыды?! Көп әйелдің жанды жері деп ойлаймын. Сондықтан мен үшін бір қуаныңыздар. Ал мысқылдайтындар, іш күйсе, тұз жалаңдар деймін”, – деп оймен бөлісті жас келін.

Өнер иесі Райымбектің әкесі немен айналысатынын айтты.

“Папам тіпті “красавчик”. Райымның бойындағы салмақтылық, имандылық, тәрбие папасынан. Жылқы шаруашылығымен айналысады. Жылқы баптайды, оларды фото-видеоға түсіреді, жылқыларын қатты жақсы көреді. Кіші ағаммен аттас, сол жағы маған қиындау болып жүр. Байқамай айтып қоя беремін. Папа маған жетпей жүрген әкелім махаббатты сезіндіріп үлгерді. Маған жәй ғана “Ерке” демейді, “Еркежан” деп еркелетіп сөйлейді. Папатай, рахмет”, – деп алғысын білдіріді Ерке.

Leave A Reply

Your email address will not be published.