Жуалыда қол күресінен жарыс өтті

0 14

Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған қол күрестен аудандық жарыс өтті. Жарыс шымылдығын ашып берген Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Болат Жанабаев халық жазушысы Шерхан Мұртазаның өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбегіне тоқталып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Одан кейін жарыстың бас төрешісі Дамир Рақымбек жарыс бағдарламасымен таныстырды.

Жарыс ересектер және жасөспірімдер арасында өтті. Ересектер абсолюттік салмақ дәрежесінде сайысқа түссе, жасөспірімдер 50, 60 және 70 келі салмақ дәрежелері бойынша күресті.

Жарыс нәтижесінде ересектер арасында 3 орын — Ринат Тұрғынға бұйырса, 2 орынды Ернұр Суфан еншіледі , 1 орыннан Нұркен Рахманқұл көрінді. Жасөспірімдер арасында 3 орынды — Бек Жарылқасынұлы иемденді, ал бірінші және екінші орындарды Расул Аяз бен Нұрқанат Қозыбай өзара бөлісті.
Сынға түскендердің арасынан 60 келі салмақ бойынша Рамазан Сәрсенқұл топ жарса, екінші орынның тұғырынан Диас Келсінбек көрінді. Үшінші орын Ислам Аманға бұйырды. 70 келі салмақта күш сынасқандардың ішінен Махамбет Мұратбай басым түсіп бірінші орынды алса, екінші орын Диас Аманның еншісінде, үшінші орын Нұржауған Мұқатайда.

Жарыс жеңімпаздарына медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.