Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары

0 23

Мойынқұм ауданында 9 айдың қорытындысы бойынша бірқатар салада алға ілгерілеушілік бар. Мәселен, ауылшаруашылығында өндірілген өнім көлемі ұлғайса, 2022 жылдың 1 тамызына барлығы 319 нәресте дүниеге келіп, 121 адам қайтыс болды. Әлеуметтік салада да атқарылған жұмыстар баршылық, 9 ай қорытындысы бойынша ауданда 85 неке тіркеліп, 13 отбасының ажырасу фактісі орын алды. Өткен жылы да 105 неке тіркеліп, 9 отбасы ажырасқан.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдері ескерусіз. 2022 жылдың 1 тамызына ауданға барлығы 300 адам көшіп келіп, 577 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрттүліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 2985,3 тонна ет, 4745,2 тонна сүт, 1020,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 31,6 тонна ет, 14,4 тонна сүт, 3800 дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 54026 басқа, қой 147763 басқа, ешкі 35049 басқа, жылқы 10510 басқа, түйе 1237 басқа, үй құстары 31321 басқа жетіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2641 басқа, қой 11686 басқа, ешкі 1348 басқа, жылқы 1095 басқа көбейіп, түйе 166 басқа, үй құстары 65 басқа азайған. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 15541,7 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 2453 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 7868,7 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 1987203 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 279051 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1708152 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.