Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды

0 8

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы А.Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 3 минутқа созылған матч барысында Е.Рыбакина 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады.

Анна Данилина Париждегі жарыстың чемпионы атанды.

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті.

Андрей Голубев жұптық сында Турин турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық жасөспірім теннисші Бакуде абсолютті чемпион болды.

Фото — Қазақстан теннис федеарациясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.