«Ауыл – Ел бесігі»: Жамбыл облысында биыл 200-ге жуық жоба жүзеге асады

0 20

Жамбыл облысында биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 96 ауылдық елді мекенде 200-ге жуық жоба жүзеге асады.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларға бюджеттен 17,3 млрд теңге бөлінген.

Биыл аталған жоба бойынша 2 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 10 мәдениет және 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіледі. 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету жобалары көзделген.

198 шақырым ауылішілік көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Айта кетейік, өткен 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 15,8 млрд теңге қаралып, 103 ауылдық елді мекенде 300-ден аса инженерлік-инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.

Нәтижесінде 8 дене шынықтыруы және сауықтыру кешенінің, 2 дәрігерлік амбулаторияның, 6 мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 1 спорт, 1 денсаулық сақтау және 1 білім беру нысанының қазандығы қайта жаңғыртудан өтті.

Сонымен қатар 2 білім, 1 денсаулық сақтау, 3 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.

298 шақырым ауылішілік көшелер орташа жөндеуден өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.