Қазақстан боксшылары WBO және WBC титулдарын жеңіп алды

0 11

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда қазақстандықтар бірден бірнеше чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО), Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) және Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Титулдық жекпе-жек нәтижесі:

Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Дарын Имаханов (1-1, 0 КО). Ертанов ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, бірінші орта салмақта WBC ABC Silver титулын жеңіп алды.

Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО) — Ерасыл Ақранбек (1-1, 0 КО). Жеңіс Сұлтанбайдың еншісінде. Ол бірінші орта салмақта WBO Asia Pacific титулын иеленді.

Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) — Бекет Қожабеков (1-1, 0 КО). Тұрсынов төртінші раундта нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC ABC Silver титулына қол жеткізді.

Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) — Нұрболат Бекбауов (1-1, 1 КО) жекпе-жегі бірауыздан төрешілердің шешімімен Әміровтің жеңісімен аяқталды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific бос титулының иегері атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.