Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты

0 19

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты, деп жазады Olympic.kz.

Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы — Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.