Сауда орталығындағы өрт қауіпсіздігі

0 32

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сауда орындарында өрттерді алдын-алу және ескерту мақсатында сауда орталығы Корзинка, Арзан, Бегей, Аққу, Фиркан сауда орталықтарының әкімшілігі мен жалдаушылармен жаднама парақшаларын тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында төтенше жағдайлар оқиғаларын келтірмей мақсатында, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық шығын туындаған жағдайда мөлшерін азайту мақсатында, Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерімен сауда орталықтарының әкімшілігі, жалға алушылары мен келушілеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт туындаған жағдайда іс-қимылдары бойынша кеңес берілді, сондай-ақ ТЖ мамандары алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі туралы көрнекі айтып, «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері», «Сауда үйлерінде өрт кезіндегі іс-әрекет» жадынамаларын таратылды.
Сауда орталықтарын әкімшілігі, жалға алушылары мен келушілері арасында үлкен қызығушылық болды және олар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы және өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы қажетті ақпаратты алды, сондай-ақ өртсөндіргіштерын пайдалану ережелеріне үйренді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.