Байзақтағы тұрғын үй секторында рейд жүргізілді

0 31

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар жастарды өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу мақсатында Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылу беру маусымының басынан әр сенбі сайын «Өрт қауіпсіздігі сенбіліктерін» өткізіп келеді. Рейдке жергілікті атқарушы органдар және  жергілікті полиция бөлімі, «Жас Отан жастары» орталығының еріктілері, «КазТранс газ аймақ» АҚ Байзақ ауданыны филиалының қызметкерлері, Байзақ электр желілерінің қызметкерлері қатысты.
Байзақ ауданына Сарыкемер, Байтерек ауылдық округтерінде «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» ұйымдастырылып 654 тұрғын үй араланып,                       1241 тұрғынға нұсқаулықтар жүргізілді және онда тұрғындардың назарына электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау,  тұрғындардың өртке қарсы нормаларын, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ұсынылып, жаднамалар таратылды, онда жылыту маусымдағы өрт қауіпсіздігі іс — шараларға және тек қана жұмысқа жарамды жылыту аспаптарын қолдануға басты көңіл бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.