Өндіріс саласындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 600 млрд теңге бөлінеді

0 16

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2018 жылдың 11 желтоқсанында «Экономиканың басым бағыттары бойынша жобаларды несиелеудің механизмі» бекітілген. 2018-2020 жылдардағы екінші деңгейлі банктермен өндіріс саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 600 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша «Даму» АҚ филиал директоры Мереке Сыздықов брифинг барысында айтты.

7 жылдық мерзімді құрайтын, несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі — 8%.

«Екінші деңгейлі банктермен ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға  100 млрд теңге және  агроөндіріс кешендеріндегі өңдеу жұмыстарына да 100 млрд теңге дейін бөлінеді, бұлардың бәрі Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы іске асырылады. Ал өндірісті өңдеу және қызмет көрсету түріне 400 млрд теңге «Даму» қоры арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдерінің жобасын несиелеуге де 100 млрд теңге бағытталады»,-деді Сыздықов. 

Сонымен қатар ол, осы жылы субсидиялауға 30 млрд теңге бөлінгенін және механизм операторы ретінде «Даму» қоры және оның өңірлік бөлімшелері тағайындалғанын жеткізді.

«Бұл бағдарламаға жеке кәсіпкерліктің барлық субектілері қатыса алады. Жобаның мақсатты бағыты – инвестиция және айналымдық қаражатты толықтыру. Мақсатты бағытты растау үшін кәсіпкер тізімде көрсетілген тауарлардың жоқ дегенде бір түрін өндіруі керек»,-дейді филиал директоры. 

Сондай-ақ ол, жеңілдігі бар несиені алу жолын да атап өтті.

«Кәсіпкер екінші деңгейлі банкке несие алу туралы арызбен барады. Банк жоба бойынша кешенді тексеріс жүргізеді. Одан рұқсат алған соң «Даму» қорына келеді. Қор 5 жұмыс күні ішінде жобаның бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеріп, оған оң шешім қабылданғаны жөнінде мәлімдейді. Кейін субсидиялау бойынша үш тараптың қатысуымен келісімшарт жасалады»,-дейді Мереке Сыздықов.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.