Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өткізіле бастады

0
44

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өткізіле бастады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады , — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айта кетейік, «Азаматтық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылмақ.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Сондай- ақ кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here