Сарысу ауданында «Ұрпағыма аманат» атты 2 томдық жинақтың тұсауы кесілді

0
38

Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикасына өзіндік үлесін қосып, аянбай еңбек еткен Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Сарысу елінің абыз қариясына айналған, үлкені мен кішісінің қадір-құрметіне ие болған Укаша Әбдірахмановтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Саудакент» мейрамханасында үлкен ас беріліп, еске алу болып өтті . Шарада Алматы қаласындағы баспадан «Ұрпағыма аманат» атты 2 томдық жинағының тұсауы кесілді,   — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты шарада ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагерлері А.Досжанова, Р.Сүлейменов Укаша Әбдірахмановтың еңбек жолына тоқталып, арнау өлеңдерін оқыды.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасарлары О.Көкей, Н.Нұралиев құттықтау сөз сөйледі.

Еске алу кешінде бейнеролик арқылы ұлдары мен қыздарының айтқан жүрекжарды сөздері мен естеліктерін тыңдады және немере- шөберелері, мектеп оқушылары У.Әбдірахмановтың өлеңдерін нақышына келтіре орындады.

Айта кетейік, қалың оқырманға арналған зерделі кітапта У.Әбдірахмановтың артында қалған барлық өлеңдері мен әңгімелері енгізілген.

Сонымен қатар туған-туыс, құда-жекжаттары У.Әбдірахмановтың өмір жолына тоқталып, естеліктермен бөлісіп, әкелеріне арнап құран бағыштап отырған артында қалған ұрпақтарына алғыстарын айтты.

Ақ дастархан жайылып, У.Әбдірахмановтың рухына құран бағышталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here