«Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуды насихаттаймыз»

0 1

«Antikor» орталығында облыстық мәслихат депутаты Марат Себасовтың қатысуымен тікелей эфир өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған эфирде Марат Бақбергенұлы әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі, жанашырлығы туралы айтты.

«Халыққа, көпшілікке пайдамыз тисін деген ой – әрбір саналы азаматтың бәрінде болады. Депутат болып жалақы алмағанымызбен, халық ортасында жанашыр болып, азаматтық жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Себебі, облыстық маслихаттың құрамында, биылғы жылы пікірлі жастарға көбірек көңіл бөлінді. Қазіргі кезде елге танымал беделді депутат болып отырған жастарымыз да бар. Барлығымыз қайда жүрсек те, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді және сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу бағытындағы мәселелерді насихаттап жүреміз,» деді Марат Себасов.

Сондай-ақ, тікелей эфир қонағы ұрпаққа берер тәрбиенің маңызы зор екенін айта келе, адалдықтың туын әрқашан насихаттау керек деген пікірін білдірді.

«Кез келген адамның жанды жері – ұрпақ. Адам басқа ешнәрседен қорықпаса да, ұрпағының азып-тозып кетуінен қорқады. Біз текті, қаны таза халықпыз. Сондай адал ұрпақты өзіміз де тәрбиелегіміз келеді.
Тәрбиенің мәні де, ең бірінші – сыбайлас жемқорлықпен күресуге әкеліп тұрғаны сөзсіз. Сондықтан балаларымызды одан аулақ қылуды үйрету керек. Мысалы, адамның жаратылысының өзі қаннан тұрады, ал қан біздің ішкен суымыз бен жеген тамағымыздан тұрады. Ол ішімізге барған соң, денемізге тарайды. Дәл сол сияқты, ұрлық пен алаяқтық арқылы жеген наның қаныңа барып, олда бұзылады. Бұзылған қан болашақ өмірімізді, келер ұрпақтарымызды бұзады, ал ондай жолмен келген ақшаның берекесі болмайды деп түсінемін,» деп ойын жеткізді депутат.

Жастардың рухани дамуы үшін ата-бабаның салған сара жолымен жүру керек деген спикеріміз, адалдықты насихаттауды тоқтатпау керек деген пікірді білдірді.

«Біз экономика, индустриялық даму жағынан өркениетті елдерден үйренуіміз керек. Ал рухани, парасаттылықты өзімізден іздегеніміз дұрыс, өйткені, өзіміздің бабаларымыздың айтқан сөздері үлкен құндылық деп білемін. Сондықтан бәріміз бірлесіп адалдықты насихаттауымыз керек, келешекке үлкен пайдасын тигізетініне сенемін,» деді Марат Бақбергенұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.