Басты мақсат – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау

0 4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осы орайда, өңірдегі бұл бағыттағы шаралар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен жүзеге асуда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес
697 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 174-і жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. Оның ішінде электронды түрде – 162 қызмет, қағаз түрінде – 12 қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы – 96 қызмет.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 5,7 млн. мемлекеттік қызметтер (қағаз, баламалы және қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы) көрсетілген. Оның ішінде электронды түрде – 5 515 127 қызмет, қағаз түрінде – 28 580 қызмет, қағаз түрінде (баламалы) – 164 823 қызмет.

Бүгінгі таңда цифрландырудың неғұрлым дамыған бағыты халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет болып табылады. Бұл цифрландыру процесін толығымен қамтиды.

Мемлекеттік қызметтерді, мәліметтерді, электрондық анықтамаларды, құжаттарды бірнеше цифрлық құралдар арқылы алу сервистері қолжетімді. Атап айтсақ: «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде, цифрлық мәліметтерді алу бойынша сервис арқылы (қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығарылмайды және цифрлық мәліметтер нысанына өтеді), үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі арқылы, «eGov Mobile» мобильдік қосымшасында.

Халыққа қажетті цифрлық сервистерді құру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, оның ішінде ақпараттық жүйелерді дамыту және интеграциялау, ұсынылатын қызметтер мен сервистердің сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктерін төмендету арқылы азаматтардың қанағаттануын арттыру мемелекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету нысаны электронды форматқа ауыстыру есебінен қызмет көрсету уақыты да қысқарды.

Мысалы, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі 3 күннен 1 күнге дейін, «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтері 30 күннен 22 күнге дейін, сол сияқты, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі 7 күннен 4 күнге дейін қысқартылды.

«Электрондық үкімет» порталында азаматтардың электрондық нысанда қызмет алу процесінің сапасы мен қолайлылығын бағалауға бағытталған мемлекеттік қызметтерді апробациялау бойынша сервис іске асырылды.

Сервис іске қосылған сәттен бастап апробация бойынша
22 мемлекеттік көрсетілетін қызмет тестіленді. 9000-нан астам қызмет алушы осы қызметтерді алудың ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын тексерді, олардың 74 пайызы 5-тен 5 балдық шкала бойынша бағалады. Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталды. Қызметтер белсенді режимде іске қосылды, олар бойынша электрондық түрде 13 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор. Оның бірі, «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» жаңа жоба болып табылады.

Геоақпараттық жүйесі кеңістіктік деректерді жинау, сақтау және графикалық визуализациялауға, сондай-ақ картографиялық деректерді қолдана отырып, жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде кешенді  көрсетуге арналған. Бұл ерекшелік мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтығын қамтамасыз етеді.

Әрбір мүдделі пайдаланушы өзінің жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтініш бере алады және оның қозғалысын, мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде бақылай алады. Қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ өтініш берушінің жеке кабинетіне түседі және қайта жүктеу үшін қол жетімді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ онлайн жүргізілетін болады. Бұл жүйе қызмет көрсетудің барлық тізбегін электрондық нысанға көшіруге, оларды көрсетудің нақты мерзімдерін 3-6 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Үкіметке мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу міндетін қойды. Қазіргі уақытта жобалық тәсілді енгізу құралы ретінде пилоттық режимде іске қосылған Easy project жүйесі айқындалды. Ол Excel және электрондық поштаны алмастыратын қарапайым ынтымақтастық платформасы.

Бұл бағдарлама жобалар жетекшілеріне, компаниялардың көшбасшыларына, сатылымдар бойынша менеджерлерге және сол сияқты қолдау қызметін көрсету менеджерлеріне арналған.

Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады десек, осы тұрғығыдағы жұмыстар аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында.

Қорыта айтқанда мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Расул Медетов,

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.